Мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік ??пияны жариялады деген к?дікпен ?Р Президенті ?кімшілігіні? ?ызметкері Николай Галихин ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??К ?кілдеріне сілтеме жасап.

Мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихин ұсталды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Николай Галихин Ақорданың сайтында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары ретінде көрсетілген.

Реклама
Реклама

Ал осыған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қамауға алынғаны белгілі болған еді. 12 қаңтарда ол қызметінен босатылған болатын еді. Сол күні Марат Тәжин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. "Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", - делінген еді Ақорданың сайтында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама