Мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстар көбейіп келеді

©

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстар көбейіп келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстардың саны 34 пайызға өсті. Былтыр ол көрсеткіш 181 болса, биыл 242-ге дейін көбейіп отыр. Осыған байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың саны да 16,5 пайызға артты. Өткен жылы 97 адам болды. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында олардың саны 113-ке дейін жетті.  

"Бүгінде тергеу шаралары аяқталған осы санаттағы қылмыстар бойынша 145 миллион теңгенің қолды болғаны анықталып отыр. Соның 77,4 миллионы мемлекет қазынасына қайтарылды", - делінген ресми хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама