15 қараша 2023 10:26

Мемлекеттік бағдарламаны алаяқтыққа қолданған: ҚМА 3 күдіктіні ұстады

видео кадры

"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын ресімдеген 3 тұлға анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 миллион теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды, оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Реклама
Реклама

"Күдіктілердің шамамен 260 миллион теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram