10 қаңтар 2022 | 10:04

Мемлекеттік хатшы қазақстандықтар қалай көмектесе алатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қазақстандықтар билікке қалай көмектесе алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қазақстандықтар билікке қалай көмектесе алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы күндері әкімдіктерді, полиция ғимараттарын басып алынғанын, тағысын тағыны көргенде, олар символ еді ғой деп ойлаған едік... Алайда мемлекеттік символ жүректе, санада жатыр екен. Мемлекет деген біз екенбіз - мемлекетін қорғауға қабілетті ұйымшыл азаматтар.

Білесіз бе, бұл күндері әртүрлі көріністі көрдім. Түні бойы қорғаныста тұруға дайын полицейлерді көрдім. Өте көп хабарлама келгенін көрдім. Өкінішке қарай, бәріне жауап бере алмадым. Достарымнан, әріптестерімнен, бейтаныс адамдардан немесе direct-тен "Қалай көмектесе аламыз? Көмектескіміз келеді" деген хабарламалар келді", - деді Қарин.

Мемлекеттік хатшы қазақстандықтар ынтымақтасу арқылы көмектесе алатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Ең бастысы, ынтымақ әр нәрседе байқалуы мүмкін. Бұл көшеде, полицияға көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысымыздан көрінуі мүмкін. Біздің көмегіміз - елге ақпараттық шабуылды болдырмау, біздің көмегіміз жалған ақпаратпен бөліспеу, өзіміз жалған ақпараттың жолын кесуіміз, әлі де жүріп жатқан барлық жалған ақпаратты сүзгіден өткізуіміз.

Сондықтан, хабарламалар толқыны, тіпті кейбір мәселе бойынша әртүрлі идеологиялық ұстанымда болсақ та, олардан "Қазір біз біргеміз және қандай көмек керек" деп хаттар келіп жатты. Бұл азаматтардың нағыз ынтымақтасқан сәті деп ойладым", - деп қосты Қарин.

Ықтимал мемлекеттік төңкеріс әрекетіне тап болдық - Мемхатшы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная