10 желтоқсан 2021 | 19:00

Мемлекеттік хатшы Шымкентте мемлекеттік наградалар табыс етті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

2021 жылғы 10 желтоқсан күні "Түркістан" сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 10 желтоқсан күні "Түркістан" сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиында сөз алған Қырымбек Көшербаев тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді атап өтті. 

"Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік киесін қастерлеп, мәртебемізді асқақтатқан азаттықтың қадірін бағалай білуге, сол арқылы ұлт пен тарих алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі тиіс. Біздің алдымызда Тәуелсіздік сыйлаған даңғыл жол жатыр. Сол жолда жаңа асуларды бағындыру міндеті тұр. Тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мақсатымыз", - деді Қырымбек Көшербаев.

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы Шымкент қаласының Тәуелсіздік жылдарда жеткен жетістіктерге тоқталды.

"Еліміздің оңтүстігінде орналасқан үшінші мегаполис, қазақылықтың қаймағы сақталған шырайлы Шымкент қаласына Елбасының Жарлығымен арнайы статус берілгеннен кейін шаһардың дамуы тың серпін алды. Индустриаландыру бағдарламасы бойынша жалпы құны 221,5 миллиард теңгені құрайтын 127 жоба іске асты. 2018 жылдан бері қала экономикасына 1,3 триллион теңге инвестиция тартылды. Алдағы уақытта да бұл қарқынды төмендетпеу керек", - деді ол.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардың Тәуелсіздік жылдары еліміздің, оның ішінде Шымкенттің қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етті.

"Қала халқы 30 жыл ішінде 3 есеге өсіп, 400 мың адамнан 1 200 мың адамға жуықтады. 1991 жылы Шымкентте 52 мәдениет нысаны болса, қазір олардың саны 120-ға жетті. Спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейді. Денсаулық сақтау нысандары 27-ден 110-ға жетті. Тұрғындардың орташа жасы 63-тен 71 жасқа ұлғайды. Қала бюджеті 1 млрд. теңгеден 497 млрд. теңгеге өсті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімі - Шымкентке республикалық мәртебе беру - қаламыздың екінші тынысын ашып, экономика дамуы қарқын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Алдағы төртінші он жылдықтың бізге жүктейтін міндеті - қуатты елдің иесі және кемел халқы болу" деп атап өткен болатын. Соған орай қаланың одан әрі дамуына қатысты нақты бағдарламалар бекітілді", - деді қала әкімі.

Салтанатты шарада Қ.Көшербаев шаһардың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

  

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная