29 шілде 2022 | 15:48

Мемлекеттік кеңесші Қарин: 116 әйел ауыл әкімі болып сайланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Былтырғы шілдеден бері Қазақстанда 1 093 ауылдық елді мекен басшысы сайланды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Былтырғы шілдеден бері Қазақстанда 1 093 ауылдық елді мекен басшысы сайланды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігінің іске асырылу барысын қорытындылаған Ерлан Қарин сайланған басшылардың 215-і өзін-өзі ұсынғанын, ал жаңадан сайланған 116 басшы әйелдер екенін баса айтты.

"Айта кетейік, ауыл әкімдері корпусы 55,6 пайызға жаңартылды, бұл - 608 жаңа ауыл басшысы. Олардың айтарлықтай бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ауыл тұрғындары қолдауын мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары алған", - деп жазды мемлекеттік кеңесші.

Реклама
Реклама

Жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау, Қарағанды ​​және Жамбыл облыстарының ауылдарында.

Сонымен қатар, осы жексенбі, 31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтетіні хабарланды. Жалпы, жыл аяғына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады деп күтіледі. 1037 ауылдық округте сайлау 2023 және 2024 жылдарға белгіленген. Сондай-ақ, алдағы уақытта аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланған.

"Жаңа конституциялық реформаға сәйкес, бүгінде облыс әкімдері облыс мәслихаттары депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады. Осылайша, еліміздің саяси жүйесі дәйекті түрде қайта құрылып, мемлекеттік басқаруға демократияның жаңа құралдары енгізіліп жатыр", - деп түйіндеді сөзін Қарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная