12 мамыр 2021 | 18:42

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді

Әли Алтынбаев. © primeminister.kz

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған дейін бұл қызметте Марат Сұлтанғазиев болған еді.

Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Тұран университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының м. а. қызметінен бастаған.

Реклама
Реклама

2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы. 2010 жылы - Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы. 2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған. 2015-2017 жылдары - Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. 2017-2019 жылдары - Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. 2019-2020 жылдары - ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2020-2021 жылдары - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы. 2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Мемлекеттік кірістер комитеті кеден ісі саласындағы салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөніндегі реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная