27 қазан 2020 10:30

"Мемлекеттік қызметте орын жоқ". БҚО басшысы ауыл әкімі ұлының тойына қатысты пікір білдірді

Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғали Есқалиев Ақжайық ауданындағы ауылдық округ әкімінің ұлына той өткізуіне қатысты пікір білдірді. Аймақ басшысы шенеуніктерді тұрғындарға үлгі болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғали Есқалиев Ақжайық ауданындағы ауылдық округ әкімінің ұлына той өткізуіне қатысты пікір білдірді. Аймақ басшысы шенеуніктерді тұрғындарға үлгі болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл - зиян. Бұл істі шешу керек. Мұндай адамдар үшін мемлекеттік қызметте орын жоқ. Облыс әкімінің аппараты істі бақылауы тиіс", - деді Ғали Есқалиев шұғыл штаб отырысында.

Реклама
Реклама

Мониторинг топтардың өкілдері той өткізетін тұрғындардың алдау схемаларын атады. 

Аймақ басшысы тексерушілер карантин талабын орындағысы келмейтін ғимараттардың есігін ашатынын атап өтті.

"Біз өзіміз үлкен проблема шығарып отырмыз. Адамдар билікті дәрігерлер, дәрі жетпейді деп айыптайды. Шараларды қатаңдатамыз. Топтар сауда орындары мен ірі базарларға барады. Санитар дәрігерлердің талабын бұзатын бизнес-нысандардың қызметі тоқтатылады", - деді Ғали Есқалиев. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде  Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің ұлына той ұйымдастырған сәтінен фото және видео тараған болатын. Кейін шенеуніктің еңбек демалысында екені хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram