02 ақпан 2021 | 10:40

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бұрынғы төрағасы 8 жылға сотталды

Бақытбек Иманалиев

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Резерв" РМК филиалдарының Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (ММРК) лауазымды тұлғалары мен азық-түлік жеткізушілеріне қатысты 6,5 миллиард теңге сомасында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету деректері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

1 ақпанда Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының үкімімен 21 адам бас бостандығынан айыру және біреуіне бас бостандығына шектеу қою жазаларына сотталды:

ММРК бұрынғы төрағасы Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылып, Президентке мемлекеттік наградаларынан - "Құрмет" ордені, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медальдарынан айыру туралы ұсыныс енгізілді (үй қамауы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады); ММРК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды; "Резерв" - "Высота" РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сондай-ақ "Резерв" - "Сигнал" РМК филиалының директоры Ғалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды; Аталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. "Резерв" - "Высота" РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығына шектеу қойылды; азық-түлік өнімдерін жеткізушілер Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, А.Сабазов А., О.Сабазов, Абдукаримов, Бақаев, Ғабдуллин, Садай, Исаев, Б.Қожанов, Д.Қожанов, Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің басшысы 2019 жылдың сәуірінде лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлердің мәлімдеуінше, "резервтегі сиыр етінен жасалған бұқтырылған ет консервілері мемлекетаралық стандартқа сәйкес келмейтінін, сапасыз және сиыр етінің орнына соя етінен екенін біле отырып, ол 2018 жылы сатып алушы кәсіпкерлерге 600 миллион теңгеден аса зиян келтіріп, оларды іске асыруды ұйымдастырды".

Тергеу нұсқасы бойынша, 2015 жылы комитетке консервілерді СҚО-дағы өндірушілердің бірі жеткізген.

Комитет басшысы қызметін 2016 жылдан бастап Бақытбек Иманалиев атқарды. 6 маусымда Иманалиев қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная