15 наурыз 2024 | 15:50

Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды - Тоқаев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да мемлекеттік тілді дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да мемлекеттік тілді дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі мәселе. Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным.

Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық", - деді Мемлекет басшысы.

Президент қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түскенін айтты.

Реклама
Реклама

"Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.

Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная