Мемқызметкерге сыйға тартылған шарап үшін 1,3 миллион теңге айыппұл салынды

© baccarat-estore.ru

Шы?ыс ?аза?станда мемлекеттік ?ызметкер мереке к?ні сый?а тартыл?ан шарап пен к?мпит ?орабы ?шін ?ома?ты к?лемде айыпп?л т?леуге м?жб?р болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер мереке күні сыйға тартылған шарап пен кәмпит қорабы үшін қомақты көлемде айыппұл төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО мемлекеттік қызметтер басқармасының өкілдері мемлекеттік қызметкерлерге азаматтардан ең қарапайым сыйлық алмауға кеңес береді, себебі бұл үшін қомақты айыппұл салынады. 

"Сыйлықтың құны 2 АЕК-тен асатын болса - бұл заң бұзушылық болып саналады. Мемқызметкерге азамат шарап пен кәмпит қорабын сыйға тартқан, - деді ШҚО мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басқарма басшысы Ренат Набиев. - Осындай жағдайдың болғаны анықталды. Мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,3 миллион теңге айыппұл төледі. Ал, сыйлық берген азамат 400 мың теңге айыппұл төледі. 

Реклама
Реклама

Ведомстводағылар айыппұл салынған мемлекеттік қызметкердің қай салада жұмыс істейтінін айтпаған, сонымен қатар сыйға тартылған заттардың жалпы құны да айтылмаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама