ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2024 | 11:40
"Мені Антикор алып кетсе ше?" - алматылық Досаевқа тосын сый жасады
Ерболат Досаевқа Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде сыйлық берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерболат Досаевқа Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде сыйлық берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық Досаевқа қаладағы бірқатар шешімін тапқан мәселелер үшін алғыс айтты.
"Біріншіден, электр есептегіштері 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін, үш фазалы есептегіш, бір фазалы есептегіш үшін алғысымды білдіремін. Қыркүйекте ғана 90 миллион теңгеден аса қаржы үнемделген. Автобус жолағын жасадыңыз, мен сізге жүгінген едім, ол үшін де рақмет. Ақжар және Шұғыла ықшамаудандарында көшелер ұзарды, тұрғындардан ерекше алғыс. Сондай-ақ, бұл аумақта орталықтандырылған су құбыры мен канализация болады. Әр мәселеге қызығушылық таныттыңыз", – деді алматылық.
Тұрғын Ерболат Досаевтың суреті мен оның шешкен мәселелерінің иллюстрациясын естелік сыйлық ретінде табыстады. Әкім сыйлықты әзілмен қабылдап, ер адамға алғысын білдірді.
"Сыйлық? Маған ба? Мені Антикор алып кетсе ше? Сыйлыққа рақмет, әйеліме сыйлаймын", - деп күлді Досаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также