ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2020 | 12:43
"Мені аяққа тұрғызды". Bek Air апатынан зардап шеккен соңғы науқас ауруханадан шықты
Bek Air апатынан зардап шеккен соңғы жолаушы ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Bek Air апатынан зардап шеккен соңғы жолаушы ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, 6 наурызда №4 қалалық клиникалық ауруханасынан Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының жолаушысы шығарылды. "Бұл алматылық дәрігерлердің қарауында болған әуе лайнерінің соңғы жолаушысы", - деп хабарлады басқарма өкілі.
Дәулетті клиникаға жедел жәрдем бригадасы 2019 жылы 27 желтоқсанда жеткізген, ол стационарда 70 тәулік жатты. Пациентке сегіз хирургиялық операция жасалған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Дәулет ұзақ уақыт бойы ем алып, дәрігерлер оның аяқ-қолының функциясын қалпына келтіру үшін қажетті барлық жағдайды жасаған. Дәулет екі айдан астам уақыт төсекке таңылып жатқан. Дәрігерлер оның керемет шыдамдығы мен ерік күшін атап өтті, бұл хирургтерге күрделі операциялар жасауға көмектескен. Бүгінде №4 ҚКА дәрігерлері ота нәтижелерімен қанағаттанды. Барлық процедуралар уақытылы жасалды. Дәулеттің дәрігері - травматолог Латко Константин Георгиевич.
"Дәрігерлерге алғысымды сөзбен айтып жеткізу қиын, олар менің жақындарыма айналды. Бұл адамдар мені аяққа тұрғызды, қайта өмір сүруге мүмкіндік берді десем болады. Мен хирургтер осындай ғажайып жасауға қабілетті екенін тіпті елесткен емеспін. Барлығына көп рақмет!", - дейді Дәулет.
Еске салайық, 27 желтоқсанда әуе апатынан 69 адам зардап шекті, 51 жолаушы қалалық ауруханаларға: жедел шұғыл жәрдем ауруханасына, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына, балалар шұғыл жәрдем орталығына жатқызылды. № 4 қалалық клиникалық ауруханасыға 21 адам түсті. Екі адам клиникаға келгеннен кейін алғашқы екі сағатта қайтыс болды. Қалған 19 адам амбулаторлық емге шығарылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также