ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2024 | 12:52
"Мен жәбірленушімін". Қайрат Нұртас мәлімдеме жасады
Бүгін Астана әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі онлайн режимде қарай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Астана әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі онлайн режимде қарай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайрат Нұртасқа (шын аты-жөні - Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ӘҚБтК-нің 434-бабы, 2-бөлігі ("Бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша айып тағылған.
Судья 4 маусымда сағат 20:00 шамасында Алматы - Астана рейсті бортында Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыров арасында келіспеушілік туып, Қайрат Нұртас оның басы мен оң көзіне соққы жасағыны туралы хаттаманы оқыды. Соттың медициналық қорытындысы бойынша Бекқайыров жеңіл жарақат алған.
Әртіс болса, жәбірленуші өзі екенін мәлімдеді.
"Мен жәбірленушімін. Бірінші ұрған мен емес, мені ұрды", - деді Қайрат Нұртас.
Сонымен қатар, Бекқайыровтың денсаулығына жеңіл зиян келтіргенін мойындайсыз ба деген сұраққа әнші мойындаймын деп жауап берді.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртастың ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін сотқа тартылғаны белгілі болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также