15 қыркүйек 2016 | 16:36

Мен өлім жазасын ұсынамын - Гүзел Манюрова Ақтаудағы 6 жасар қызды зорлау оқиғасы жайлы

© Тұрар Қазанғапов

Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гүзел Манюрова Ақтауда зорланған алты жасар қыздың оқиғасынан кейін өлім жазасын енгізуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гүзел Манюрова Ақтауда зорланған алты жасар қыздың оқиғасынан кейін өлім жазасын енгізуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Гүзел Манюрова, әнші Айгүл Иманбаева, тележүргізуші Динара Сәтжан мен "Астана Жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әнуар Нүрпейісов 6 жасар Викторияға қолдау көрсету үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына келді. Сондай-ақ, кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Эрик Байжүнісов те келді.

Реклама
Реклама

"Сұмдық жағдай. Адам кішкентай балаға мұндай зорлық көрсетпейтін шығар. Дәл қазір қоғам өз балалары мен басқа да балалар жайлы ойлануы қажет. Мұндай жағдай қайталанбас үшін заңнамаға белгілі бір өзгертулер енгізілуі тиіс. Мен өлім жазасын ұсынамын. Үкіметтегілер осы мәселені қарастырады деп ойлаймын. Мұндай іске барған адамдар жазалануы қажет. Мен осыған қатысты қандай да бір шаралар қолданылады деп сенемін. Біздің балалар сенгіш. Мүмкін мектептерде қыздарды өзін-өзі қорғауға үйрететін пәндерді енгізу керек шығар", - деді Гүзел Манюрова.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Викторияның екі әжесі де ауруханада, немересінің жанында (...). Біз бүгін оларға қолдау көрсету үшін келдік. Дәрігерлер барын салып жатыр. Астаналықтар да бұл жағдайға бей-жай қарамайды. Викторияның анасы мен әкесі қызының ауруханада жатқанын біледі. Материалдық көмек көрсетіледі. Қолдан келгенше көмектесеміз", - деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтау қаласынан Астана ауруханасына жеткізілген алты жасар қыздың денсаулығы жайында айтып берген болатын.

Еске салайық, бұл оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлаған. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная