11 тамыз 2022 | 13:12

Менде де күніне бірнеше рет жарық өшеді - әкім Досаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында электр қуатының жиі өшетініне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында электр қуатының жиі өшетініне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұрақ-жауап барысында "Достық" ықшамауданындағы үйлердің бірінің тұрғыны жарық қайта-қайта сөнетініне шағымданды. Әйелдің айтуынша, кейінгі бір айда күн сайын бір уақытта электр жарығы өшіп қалады. Бұған жауап ретінде әкім Досаев өзі де осындай мәселеге тап болғанын атап өтті.

"Менде де өшеді. Мен пәтерде тұрамын, күніне бірнеше рет жарықты үзіп тастайды. Айтайын дегенім: "Алатау Жарық Компаниясы" мәселесі - желілердің жағдайы. Мұны анық білемін.

Қазір АЖК инвестициялық жоспарларын дайындап жатыр. 2023 жылға "Достық" шағынауданындағы тозығы жеткен желілерді ауыстыруға тырысамыз. Барша қала тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Қаламыз бойынша орта есеппен желілердің тозуы - 60 пайыз", - деді мегаполис басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная