Менің құрметіме ескертіш ашуды құптамаймын - Елбасы

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев А?ордада журналистермен кездесуінде ?аза?станны? Т???ыш Президентіні? ??рметіне ескерткіш т?р?ызу?а ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. С?хбат республикалы? телеарналарды? эфирінде к?рсетілді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне ескерткіш тұрғызуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

"Бір ғана сөйлеммен айта аламын: құптамаймын, бұл маған керек емес. Осы жайлы бұрыннан ашық айтып келемін. Барлық басшының кеңесшісі болған Марк Аврелий "Тірі кезінде ескерткіш салу - болашақ ұрпақтың сені еске алатынына сенбеу" деген. Барлығын ісі бойынша бағалау керек. Ешқандай ескерткіш керек емес. Кезінде дауыс беріп, шулап, қолдап, Ленин мен Сталинге ескерткіш қойғызғандар соларды қайтадан қиратты", - деді Мемлекет басшысы. 

"Мен тек Назарбаев университетке есімімді беруге келісім бердім, себебі ерекше оқу орны ашылды. Бұл барлық университетке үлгі болады. Халықтың, үкіметтің назарын аудару үшін, осы университеттің Қазақстанның ғылым орталығы болуы үшін. Солай болып келе жатыр да. Қалғанының ешқайсысына келісімімді берген жоқпын. Сондықтан, осы сәтті пайдалана отырып, тағы да айтамын: Бұл маған қажет емес, маған бұл ұнамайды", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама