ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 қараша 2022 12:09
"Менің атаулы ағашым". Ақтөбе әкімі мектептегі ағаш отырғызу акциясына қатысты
Есет батыр тұрғын алабындағы Д.Қонаев атындағы 60-мектепте алғаш рет "Менің атаулы ағашым" акциясы басталды. Оған "Glauca Kaibab" көк шырша көшеттерін сатып алып, демеушілік көмек көрсеткен ата-аналар қатысты.
Іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров та келіп, балаларымен бірге ағаш отырғызды.
Барлығы 13 сыныптың ата-аналары қатысты. Әрбір отырғызылған ағаш атаулы және оған отырғызған оқушының есімі жазылды. Мектепте тұрғын алаптың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген бастамашыл ата-аналар көп.
"Мұның бәрі ең алдымен, балаларға арналған. Біз жоғарыда аталған ата-аналарға мектепке демеушілік көрсеткені және біздің барлық бастамаларымызды қолдағаны үшін алғыс айтамыз! Енді мектеп ауласы одан да әдемі әрі жайлы болатын болды", - деп мектеп директоры Абзал Тәжимишев қатысушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе қаласының ІСБ ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу