“Менің кім екенімді білесің бе?“: “мемқызметкерлердің“ мейрамханадағы жанжалы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың бірінде үш келуші жанжал шығарып, мекеме қызметкерлерін балағаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың бірінде үш келуші жанжал шығарып, мекеме қызметкерлерін балағаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Кейінірек әлеуметтік желілерде жанжал шығарған әйелдер мемлекеттік қызметкерлер болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Видеода әйелдердің дауысы естіледі. Олар мекеме жабылғаннан кейін жанжал шығарған болуы мүмкін. Алдын ала ақпарат бойынша, олар мейрамханадан кетуден бас тартқан. Куәгерлердің айтуынша, олар өздерін дөрекі ұстаған, телефондары мен заттарын лақтырып, айқайлап, бейәдеп сөздер айтқан.

Реклама
Реклама

"Сен менің кім екенімді білесің бе?!" – деп айғайлады келушілердің бірі.

Әлеуметтік желіде құқық бұзушылар - шенеуніктер деген болжам тараған. Алайда Шахтинск әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Оқиғаға қатысы бар адамдар мемлекеттік қызметшілер де, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де емес", – деді жергілікті әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ, олар әлеуметтік желі қолданушыларын жанжалға қатысқандардың мемлекеттік орган қызметкерлері екені жөніндегі расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға орнына полиция жасағы барған. Әйелдер бөлімшеге жеткізіліп, ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Әйелдер жанжал кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама