22 ақпан 2024 | 14:13

"Меншік иесі тіпті Антарктидада да болуы мүмкін" - вице-министр Tele2 және Altel-дің сатылуы туралы

Фото:depositphotos.com

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің (Tele2/Altel) шетелдік инвесторға сатылуы ұлттық қауіпсіздік пен экономикаға қауіп төндіре ме? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің (Tele2/Altel) шетелдік инвесторға сатылуы ұлттық қауіпсіздік пен экономикаға қауіп төндіре ме? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовқа ұялы байланыс компанияларының сатылуы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен экономикасына қауіп төндіре ме деген сұрақ қойылды, әсіресе, қазақстандықтар туралы тыңшылық деректердің Желіде тарап кетуі фонында. Оның үстіне тараған ақпаратта елімізде жұмыс істейтін бірнеше байланыс операторларының құпия деректері де болған.

Вице-министр шетелдік меншік иелеріне сату қандай да бір зиян келтіреді деп санамайды.

Реклама
Реклама

"Керісінше, бұл - шетелдік инвестициялар, олардың қажеттілігі туралы үнемі айтып отырмыз. Меншік иесі тіпті Антарктидада да болуы мүмкін, бұл мысал ретінде, әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін. Меншік иесі кез келген елдің азаматы немесе заңды тұлғасы бола алады, бірақ активтің өзі бізде, Қазақстанда, Қазақстан экономикасында жұмыс істейді және қазақстандық заңдарға бағынады, оның ішінде осы ғимаратта (Сенат - еск.). Сондықтан жоқ, бұл зиян тигізеді деп ойламаймын", - деп жауап берді Жақсылықов.

Журналистер нақтылау үшін тағы сұрақ қойды: ертең қазақстандықтардың жеке деректері жаңа шетелдік қожайындардың бірінші сұрауы бойынша сыртқа шығып кетпесіне кім кепіл?

"Кез келген меншік иесі, отандық немесе шетелдік болсын, Қазақстан заңдарына бағынады. Егер біздің заңнамамыз дербес деректердің таралуын шектесе, онда оған барлығы бағынады. Егер қандай да бір тарап кету жағдайлары болса, олар шетелдік иесі оларды ала алғандығынан емес, соған жол беретін техникалық кемшіліктердің болғандығынан. Бұл техникалық кемшіліктерді жою оңай, қазір тиісті қызмет жұмыс істеп жатыр", - деп толықтырды вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная