Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Фото ©️ Tengrinews.kz

Мамырда ХҚКО мен МХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамырда ХҚКО мен МХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарды үш мемлекеттік мереке күтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталығы, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7 және 9 мамырда жабық болады.

4 мамыр сенбіде орталықтар 18:00-геге дейін, кезекшілер 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

Ал 8 мамыр - тек ХҚКО мен МХҚКО кезекшілері үшін жұмыс күні. Олар сағат 13.00-ге дейін ашық болады.

10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі кестеге оралады: қарапайым халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілердің жұмыс күні 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Фото: gov4c.kz

Еске салайық, бұған дейін Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная