ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2023 | 16:54
«Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық конкурсының Алматы облысы бойынша жеңімпазы – Адияттар әулеті
Жыл сайын Елімізде отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынас пен бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтар мен Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау мақсатында Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсы үздіксіз өткізіліп келеді. Биыл конкурстың бастау алғанына 10 жыл.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл сайын Елімізде отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынас пен бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтар мен Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау мақсатында Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсы үздіксіз өткізіліп келеді. Биыл конкурстың бастау алғанына 10 жыл.
«Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық конкурсының Алматы облысы бойынша жеңімпазы – көпшілікке үлгі-өнеге боларлық Адияттар әулеті.
Отанасы – Дулдай Сархад, қазақ, бүгінгі күні 73 жаста, зейнеткер, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері. Мал шаруашылығымен айналыса жүріп, балаларының барлығын орта және жоғары оқу орнында оқытқан. 1995 жылы жолдасы Хинаят Адият қайтыс болғаннан кейін, балаларымен бірге Атажұртқа қоныс аударады. Қажырлы ана балаларын тәрбиелей жүріп, еліне адамгершілік пен имандылықтың үлгісін көрсете білді. Әрбір ісі мен сөзіне сүйсінген ауыл адамдары ардақты ананы ерекше құрметтейді.
Дулдай Сархад апа Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылдық округінде 9 ұл мен 4 қыз тәрбиелеп, бүгінде 41 немере, 32 шөбере сүйіп отыр. Отбасындағы балалары, келіндері, немерелерін қосқанда жалпы білім саласы бойынша 19 ұстаз қызмет етуде және медицина саласында 3 дәрігер бар.
Отбасыңыздың береке-бірлігінің құпиясы неде деген сұраққа жауап берген отбасы:
"Отбасымызда қандай бір мәселе болса, бірігіп реттейміз. Қаржы мәселесін де бірігіп көтереміз. Жігіттеріміз ұйымшыл болса, жеңгелеріміз де өзара сыйласымды. Әулетіміздің мүшелерінің көбі жоғары білімді болғандықтан адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептен озбауға тырысады. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету» деген аталы қағиданы ұстанамыз. Отбасымыздың береке-бірлігі осында деп ойлаймын", - деп жауап қайтарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Материал Алматы облысының әкімдігімен ұсынған
Показать комментарии
Читайте также