17 мамыр 2019 | 10:14

Мерке-Бурылбайтал тасжолын жөндеу жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр

© kazautozhol.kz

Мерке-Бурылбайтал тасжолын жөндеу жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мерке-Бурылбайтал тасжолын жөндеу жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компаниядағылардың мәліметінше, 262 шақырымға созылған "Меркі-Бурылбайтал" автожолын қайта жаңарту 4 учаскеге бөлінген. Оның ішінде Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі 86 шақырым жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І техникалық санатқа жатады. Ал Шудан бастап Бурылбайтал ауылына дейінгі 176 шақырымды құрайтын қалған 3 учаскеде 2 жолақты II техникалық санаттағы жол жасалады.

Реклама
Реклама

Толығымен жаңартылған автомобиль жолы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтетіні айтылады.

"Қайта құру жобасы аясында тасжолдың бойында 6 көпір, 3 теміржол өткелі, 11 жарықтандырылған көлік айрығы, 276 су өткізу құбыры, демалыс алаңдары, автопавильондар салынады. "Меркі-Бурылбайтал" автожолына төзімділігі жоғары қиыршық тас-мастикалық асфальт бетон төселеді", - делінген компанияның хабарламасында.

Жобаны толық аяқтау 2022 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.


© kazautozhol.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная