15 маусым 2023 | 17:32

Мерзімді әскери қызметшілерге білім гранты қалай бөлінеді?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігінде жоғары оқу орындарына түсу үшін мерзімді әскери қызметшілерді алғашқы іріктеу қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігінде жоғары оқу орындарына түсу үшін мерзімді әскери қызметшілерді алғашқы іріктеу қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, байқауға биыл көктемде запасқа алынған азаматтар қатысқан. Іріктеу әскери қызметшілер рейтингінің нәтижелері бойынша жүргізілді. Үміткерлердің жетістіктері мен кемшіліктері туралы барлық деректер министрлік сайтының "Әскери міндеттілер 2.0" цифрлық платформасында тіркелді.

"Қолданыстағы ережелерге сәйкес взвод командирлері жауынгерлік дайындық журналдарын жүргізеді. Онда нормативтерді орындау нәтижелері, тәртіптік жазалар ескеріледі. Олардың негізінде ай сайын барлық оқу пәндері бойынша әскери қызметшінің бұрынғы бағаларының тізімі көрсетіледі. Барлық деректер электронды платформаға жазылған", - деп түсіндірді Айгүл Төлембаева Орталық коммуникациялық қызметте өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Әскери қызметшілерді жоғары оқу орындары мен мамандықтарға бөлу бойынша "Әскери міндеттілер 2.0" платформасы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылатыны айтылды.

Тікелей эфирде өткен брифингте сарбаздарды бөлу олардың жеке рейтингі бойынша жүргізілді. Конкурстық іріктеуге барлығы 12 548 әскер қатарына шақырылушы қатысты.

"ҰБТ-ға ұқсас QR коды бар сертификаттар оларды бұрмалаусыз автоматты түрде жасалды. Әскери қызметшілер ЖОО-ға түсу үшін сертификаттарын "Әскери міндеттілер 2.0" платформасында ала алады", - деді Айгүл Төлембаева.

Айта кетейік, барлығы 1500 орын бөлінді. Әскерге шақырылғандар мемлекеттік грантпен емес, университеттің ішкі гранттарымен 100 пайыз жеңілдікпен оқитын болады.

Резервтен шыққандар үшін келесі іріктеу 2023 жылдың күзінде өтеді. Іріктеуден өтпеген сарбаздар қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде ҰБТ есебінсіз жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігі қай әскери қызметкерлер тегін жоғары білім ала алатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная