15 желтоқсан 2022 | 14:33

Мерзімді қызметтегі әскерилерге "несие каникулы" беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мерзімді әскери қызметкерлер үшін "несие каникулы" жарияланады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мерзімді әскери қызметкерлер үшін "несие каникулы" жарияланады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі меморандумға қол қойды.

Құжатқа қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қол қойған. Бұл бастама мерзімді әскери қызметшінің әскери борышын өтеу мерзімінде қарыздары туралы ұмытуға мүмкіндік беретіні айтылған.

Реклама
Реклама

"Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру әскерилердің барлық банк пен микроқаржы ұйымдарындағы барлық ақшалай несиесін "бір күйде қалдырады" деп болжанады, - делінген хабарламада.

Ресми деректерге сәйкес, ол үшін Қорғаныс министрлігінің агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттесуінің арнайы алгоритмі әзірленген.

"Әскерге шақыру науқаны кезінде жиналған болашақ Отан қорғаушылардың банктегі несиелері мен шағын несиелері туралы ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Осы мәліметтер негізінде кредиторлар негізгі борыш бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, сыйақы төлеу және берешекті өндіріп алудың барлық нысанын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде несие беруші сотқа талап арыз беруді, қарызды өндіру үшін нотариуспен байланысуды, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын шығаруды тоқтатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная