22 шілде 2014 18:39

Метро жоспардан тыс тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы метрополитенде тұтқиылдан орын алған апат еліміздегі құзырлы саланың Алматыдағы метроға шұғыл түрде жоспардан тыс тексеру жүргізулеріне себеп болды" деп жазады, Tengrinews.kz "Метрополитен" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 


"Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы метрополитенде тұтқиылдан орын алған апат еліміздегі құзырлы саланың Алматыдағы метроға шұғыл түрде жоспардан тыс тексеру жүргізулеріне себеп болды" деп жазады, Tengrinews.kz "Метрополитен" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Тексеру шаралары қала әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізілгенін хабарлаған баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, аталмыш тексеру кезінде метроның барлық техникалық жабдықтары және рельстер мен жолаушы тасымалдайтын вагондар құрамының қауіпсіздік нормалары талапқа сай ма, жоқ па, міне әсіресе, сол жағы басты назарда болған. 

"Құрал-жабдықтар, электр жүйелері, жерасты пойыздарының қозғалысын бақылаушы бейне-жазба тіркеу құрылғылары, желдеткіштің жұмысы, эксколатрлар мен вагон астындағы жабдықтардың беріктігі және тасымалдаушы вагондар құрамының техникалық ахуалы, сонымен қатар, машинист кабинасындағы басқару құрылғысының сапасы, дабыл жүйесі т.т жіті сүзгіден өтті" делінген баспасөз хабарламасында. 

Нәтижесінде, ешқандай ақау табылмапты. Қазіргі кезде метро жұмысы барлық техникалық нормаларға сай, яғни қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуде. Қысқасы, Мәскеудегі қайғылы оқиғадан кейін метро қызметін пайдаланушыларға алаңдауға еш негіз жоқ деген сөз бұл.  

Айтпақшы, осы ай бойы Алматы ТЖД жұртшылықты апатты жағдайлардан сақтандыру мақсатында оңтүстік астанадағы жерасты жолдарында  кең ауқымды оқу-жаттығулар жүргізбекші. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде Мәскеудегі жерасты жүрдек пойызы кенеттен рельстен тайып кетіп, ірі апатқа ұшыраған. Нәтижесінде 22 жолаушы қайтыс болса, 150 адам түрлі жарақат алды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети