ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2019 | 09:36
Метрода рельске құлап кеткен жағдайда не істеу керек? Мамандар жауабы
Алматы метросының мамандары төтенше жағдай кезінде не істеу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы метросының мамандары төтенше жағдай кезінде не істеу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, қараша айының соңында Алматы метросында ер адам рельске құлап кеткен жолаушыны құтқарып қалған болатын. Метрополитен қызметкерлерінің айтуынша, жолаушыларға ешқашан да рельс жүретін аумаққа жақындамау керек. Себебі ондағы платформалар 825 вольт кернеумен жұмыс істейтін рельстермен жалғанған. Сондықтан да рельске құлап кеткен жағдайда өз бетімен шықпаған жөн деп кеңес берді мамандар.
"Рельске құлап кетіп, ешқандай жарақат алмасаңыз платформаға жақындамай платформа басталатын жаққа қарай жүру керек. Ақ-қара түсті тақтайды көрсеңіз, сол жерден көтерілуге болады. Ол қауіпсіз. Сол жерде метро қызметкерін күтсеңіз, олар сізді алып шығады", - деді метроның баспасөз қызметіндегілер.
"Ал электрпойыз жақындап қалған жағдайда рельстердің арасында жату керек, бірақ басыңызды көтермей, қимылдамай жата тұруыңыз керек. Электрпойыз машинисі немесе метро қызметкері келмейінше жылжымау қажет. Көз алдыңызда жолаушы құлап кетсе, бірден метро қызметкерін шақырып не болмаса платформадағы оператордан қызметкерлерге хабарласуын сұрау қажет", - деді мамандар.
Өрт немесе түтін шығып жатса, мамандар бірінші кезекте станция қызметкерлеріне хабарлау қажеттігін айтады.
Еске салайық, 27 қарашада Алматы метросында ер адам рельске құлап кеткен болатын. Оқиға "Байқоңыр" станциясында сағат 7:00-де болған. Бақылау камерасына түсірілген кадрларда ер адамның есінен танып, метро рельстеріне құлағанын көруге болады. Осы кезде станцияға пойыз жақындайды. Жақын маңдағы адамдар машинистке белсенді белгі бере бастаған, абырой болғанда, ол составты тоқтатып үлгереді. Содан кейін жігітке шығуға көмектесу үшін адамдар рельске түскен.
Показать комментарии
Читайте также