ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2023 | 15:57
Мейрам Қожухов ресми түрде Қарағанды қаласының әкімі болды
Мейрам Қожухов ресми түрде Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мейрам Қожухов ресми түрде Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мейрам Қожуховтың кандидатурасы ел Президентінің Әкімшілігімен келісілді. 18 қаңтарда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қожуховты таныстырды. Депутаттар кандидатураны қолдады.
"Мейрам Мұратұлы Қарағандыда ұзақ жылдар жұмыс істеді. Барлық мәселемен таныс. Ең бастысы, оны қала тұрғындары жақсы біледі. Жинаған тәжірибесі мен білімі оның қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын. Сіздердің басымдықтарыңыз қарағандылықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау болуы керек", - деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.
Мейрам Кожухов 1972 жылы 7 қарашада дүниеге келген.
Еңбек жолын 1992 жылы "М. К-Люкс" ЖШС атқарушы директоры қызметінен бастады.
2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2001 жылдан 2005 жылға дейін Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2005 жылдан 2010 жылға дейін Ақтас кентінің әкімі.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі лауазымында болған.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также