10 қараша 2020 | 12:22

Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мейіржан Юсупов 2001 жылы Middle East Technical University-ді Экономика және басқару мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы "Туркуаз" компаниялар тобы" АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорында жұмыс істеген.

2010 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК» АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная