09 мамыр 2019 | 12:33

Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан әскери қызметкерлер марапатталды

Камила Долаева Журналист

Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышты үлгілі орындағаны, Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ерліктері мен жанқиярлықтары үшін олар қаза болғаннан кейін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышты үлгілі орындағаны, Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ерліктері мен жанқиярлықтары үшін олар қаза болғаннан кейін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаза болғаннан кейін майор Роман Костыгов, майор Тимур Құдайбердиев, майор Данияр Қоңырбай, майор Сабыр Тоқбаев, капитан Сырым Мәсәлім, лейтенант Аслан Айтбаев, 3-сыныпты сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов, кіші сержант Асхат Әбділманат, ефрейтор Айдын Әбділдинов, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, ефрейтор Өмірхан Қауқаев, ефрейтор Мирас Жұматаев мемлекеттік наградаларға ие болды.

Реклама
Реклама

Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында медальдар қаза болған жауынгерлердің туған-туысқандарына табыс етілді.

Әскери қызметшілердің қаза болуы – бұл олардың туған-туысқандары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның бүкіл армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін айта кетейік. Олар ақтық демдері таусылғанша өз әскери борыштарын адал орындады.

Дереккөз: mod.gov.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная