21 желтоқсан 2022 | 16:37

Мика мен Мади: Алматы зообағында ягуар дүниеге келді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматы зообағындағы Васька мен Момын атты ягуарлардың Мика мен Мади атты егізі дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы зообағындағы Васька мен Момын атты ягуарлардың Мика мен Мади атты егізі дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз олар туралы қазір ғана айтып отырмыз, өйткені біз өте ырымшылмыз және төлдердің күшейіп өсуін күттік. Мика әкесіне ұқсайды, терісінің түсі қара, ал Мади анасы сияқты, терісі теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді, ал Мади анасына ұқсаса да, әкесі Васька сияқты шапшаң тентек", - делінген зообақ хабарламасында.

Зообақ мәліметінше, жалпы, анасы мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез келген үй марғаулары сияқты, Мади мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады.

Реклама
Реклама

Ягуарлар Оңтүстік Американың жылы елдерін мекендейтіндіктен, олар қыста "Жыртқыш сүтқоректілер" павильонында тұрады. Хайуанаттарды Алматы зообағынан тамашалауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная