ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2023 | 17:18
Миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген Көктөбе телемұнарасы қашан жарықтандырылады?
Алматыдағы Медеу ауданының әкімдігі Көктөбе телемұнарасы қашан жарықтандырылатынын айтты. Оған бір миллиард теңгеден аса қаржы бөлінетіні белгілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Медеу ауданының әкімдігі Көктөбе телемұнарасы қашан жарықтандырылатынын айтты. Оған бір миллиард теңгеден аса қаржы бөлінетіні белгілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Көктөбе телемұнарасын жарықтандыру әкімшісі аудан әкімдігі екенін хабарлады. Бұл жұмыстарға келісім-шарт жасалып, "Қазтелерадио" дирекциясымен бірге қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс беріледі.
"Келесі жылдың жазына дейін монтаждау жұмыстарын аяқтап, мұнараның сәулеттік-көркемдік жарықтандыруын іске қосамыз. Сонымен қатар, басқа да ірі жекеменшік нысандармен сәулеттік жарықтандыруды жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен Көктөбе саябағына апаратын 1,2 шақырымдық жол қайта жаңғыртылып жатыр. Бүгінде жол құрылысы мен асфальт төсеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталған. Кіру тобын орналастыру, бақылау алаңдарын орнату және жарықтандыру жұмыстары 2024 жылдың көктемінде аяқталады.
Еске салайық, қыркүйекте Алматы мемлекеттік активтер департаменті мемлекеттік сатып алулар сайтында 1,2 миллирад теңгеге "Көктөбе телерадио хабарларын тарату мұнарасының сәулеттік-көркемдік жарықтандыру жобасын әзірлеу жұмыстары" лотын жариялаған болатын.
Лот бойынша бір миллиард теңгеден аса баға ұсынған Wisk Telecom Solutions ЖШС жеңімпаз атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также