05 қыркүйек 2024 | 09:27

Миллиард теңгеге жуық залал: үш қазақстандық сотталды

Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысында үш фермер асыл тұқымды мал сатып алудың орнына мемлекет тарапынан бөлінген миллиард теңге субсидияны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырып алған. Олардың барлығы сотқа жеткізіліп, бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында үш фермер асыл тұқымды мал сатып алудың орнына мемлекет тарапынан бөлінген миллиард теңге субсидияны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырып алған. Олардың барлығы сотқа жеткізіліп, бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалында асыл тұқымды мал өсіруге несие алу кезіндегі алаяқтық деректерін анықтады.

Тергеу барысында төрт шаруа қожалығының өкілі бола тұра, жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидия мен несие қаражатын өндіріп алған үш тұрғын анықталды.

Реклама
Реклама

"Заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде мемлекетке аса ірі көлемде, жалпы сомасы бір миллиард теңгеге жуық залал келтірілді, келтірілген залал өтелді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Агроөнеркәсіп кешенінде аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін үш фермердің әрқайсы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная