30 қаңтар 2023 | 19:28

Миллионерлер. Satty Zhuldyz жеңімпазы атан

"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы 30 қаңтарда 5/36 тиражды лотереясында джекпот 39 605 600 теңге болатынын хабарлайды. Қомақты қаржыны кез келген адам жеңіп ала алады! Осыған байланысты мүмкіндігін жіберіп алмай, қомақты қаржы жеңіп алған адамдардың оқиғасы туралы баяндауды жөн көрдік.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы 30 қаңтарда 5/36 тиражды лотереясында джекпот 39 605 600 теңге болатынын хабарлайды. Қомақты қаржыны кез келген адам жеңіп ала алады! Осыған байланысты мүмкіндігін жіберіп алмай, қомақты қаржы жеңіп алған адамдардың оқиғасы туралы баяндауды жөн көрдік.

Қарашада көп жылдан бері таксопарктен көлікті жалға алып, жеке жүктасушы болып жұмыс істеген Берік есімді ақтөбелік тұрғын туралы айтқан болатынбыз. Ол бос уақытында хобби ретінде Satty Zhuldyz-дан лотерея билетін сатып алатын. Алайда таяуда ол джекпот иесі атанды - ақтөбелік тұрғынның 5/36 лотереясындағы ұтысы 41 миллион теңге болған.

"Хоббиіме көп ақша жұмсамайтынмын, орта есеппен айына 20 мыңдай. Таңдауым 5/36 лотереясына түсті (бір билеттің құны 300 теңге), себебі ол арзанырақ. Осы жолы кешке сауда үйіне барып, билет сатып алып, толтырдым. Жеңетінімді сезгендей болдым. Мен біздің отбасымызда лотереяда жеңіп жатқан алғашқы адам емеспін. Мысалы анам 50-100 мың теңге ұтқан кездер болды, әкем де лотереяға қатысатын, ол мүмкіндік кез келген уақытта болатынын айтады", - дейді Берік.

Реклама
Реклама

Берік ұтысына ипотекасын жауып, жеке автокөлік алмақ. Ал бірнеше ай бұрын 65 жастағы электрик Несіпжан "5/36" лотереясында 21 миллион теңге ұтып алды. Ер адам өзін лотерея маманы деп атайды, себебі лотерея оның хоббиіне айналғанына 20 жыл болған.

"Ешқашан үміт үзген емеспін. Сол күні де кешке сауда үйіне кіріп, "5/36", "LOTO6/49", TeleBingo-ға бірнеше лотерея билетін сатып алдым. Осы жолы жолым болды. Үнемі "әркімнің өзінің хоббиі бар" дейтінмін. Ал мен өз ісімнің маманымын. Бір-екі рет жеңіліп қалсаңыз да сабырлық таныту керек. Жолыңыз болады, тек соған сену керек", - дейді Несіпжан.

Үш баланың әкесі, 35 жастағы Азамат жазда "5/36" лотереясында 15 миллион теңге ұтып алды. Ол ұтысын үй салуға жұмсаған.

"Лотереяға қатысып жүргеніме 3-4 жылдай болды. Айына билет сатып алуға 18-20 мыңдай жұмсаймын. Бір күні қомақты қаржы ұтып алатынымды үнемі айтып жүретінмін. Осы жолы да үмітімді үзбедім", - дейді жеңімпаз.

Былтыр көктемде Қаскелең тұрғыны Сейтхан туралы жазған болатынбыз, ол 20 жылдан бері үміт үзбей ай сайын лотерея билеттерін сатып алып жүрген. Ер адамның талпынысы мен сенімінің арқасында "Сәтті Жұлдыздың" "5/36" лотереясында 47 миллион теңге ұтып алған. Ол ақшаның бір бөлігін балалар үйіне көмек ретінде беріп, қалған сомасына мешіт салмақ.

"Әкем зейнетақысының 15-20 мың теңгесіне билет сатып алатын. Оны барлық танысымыз біледі. Өзім де айына бірнеше рет билет алып, лотереяға жиі қатысып тұрамын. Әдетте 500-1000 теңге ұтатынмын. Бұл жолы қасиетті Рамазан айында қомақты қаржы жеңіп алдым", - деп әңгімелеп берді Сейтханның қызы Жанар.

"Сәтті Жұлдыздың" "5/36" лотереясы - қарапайым және қолжетімді тиражды лотерея. Тираж барысында 36 санның 5-еуі таңдалады. Қатысушының міндеті - тиражда шығуы мүмкін сандарды көбірек табу. 5 санды өзі теріп немесе автотаңдау функциясын қолдануға болады. Оның көмегімен сіз таңдалған сандардың барлық комбинацияларын қамтитын билетпен айналымға қатысасыз және ұтып алу мүмкіндігін бірнеше есе арттырасыз.

Келесі тираж 31 қаңтарда сағат 22.00-де Satty Zhuldyz YouTube-арнасында өтеді. Бірден айта кетейік, 1 ақпаннан бастап "5/36" лотереясының тиражы күн сайын, сағат 21:00-де өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная