09 маусым 2022 | 12:27

Министр 4 пайыздық автонесие туралы: Әзірге 100 миллиард теңгемен шектеліп отырмыз

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаражат бөлу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаражат бөлу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрден 4 пайыздық автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңгеден бөлек басқа да қаражат бөлу мәселесі сұралды.

"Әзірге осы қаражатпен шектеліп отырмыз. Қараймыз. Бағдарлама үлкен сұранысқа ие. Біз қарастырамыз", - деп жауап берді министр.

Реклама
Реклама

Өскенбаевтан банктердің автонесие бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатуының ықтимал себептері де сұралды.

"Банктер жұмысын тоқтатқан шығар, себебі 20 мыңнан астам өтініш түсті. Біз шамамен 15-16 мың несиеге 100 миллиард теңге жетеді деп күткен едік. Бүгінде 9885 өтінім мақұлданды, шамамен 10 мың. Бұл шамамен 73 миллирад теңге. Әзірге резервте 27 миллиард теңге бар. Үш мыңға жуық автокөлік шығарылды", - деп түйіндеді сөзін министр.

Министрдің айтуынша, бірнеше айдан кейін қайтарылған қаражат жаңа несиелерге жұмсалады. Бұған дейін банктер жеңілдетілген бағдарлама бойынша көлік сатып алуға өтініш қабылдауды тоқтатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная