ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 16:48
Министр Алакөл көлінің маңында әскери техникалар неге жиналып тұрғанын түсіндірді
Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алакөл көлінің маңына әскери техникалар неге жиналып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алакөл көлінің маңына әскери техникалар неге жиналып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысының үзіліс кезінде журналистер Жақсылықовтан Қытаймен шекара маңында әскери техниканың жиналу себебі туралы ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады.
Қорғаныс министрінің айтуынша, 1 маусымда жоспарлы әскери оқу-жаттығу процесі басталған. Соған байланысты қазір Қазақстанның әртүрлі аймақтарында әскери техниканың жиналуын байқауға болады.
"1 маусымнан бастап жазғы оқу кезеңін жоспарлы әскери оқу-жаттығу процесін бастадық. Бірінші аптада жауынгерлік әзірлікті тексеру, бөлімшелерді жауынгерлік тапсырмалар учаскелеріне шығару бойынша жоспарлы сабақтар жүргіземіз. Әскери оқу жылы басталды", - деді Жақсылықов.
Оқу-жаттығулар неге Абай ауданында, Алакөл аумағында өтіп жатыр деген сұраққа министр әскери оқу-жаттығулар осы аймақтарда ғана емес екенін түсіндірді.
"Ол жерде ғана емес. Түсінесіз бе? Бұл Шығыс Қазақстан облысында ғана. Мен барлық стратегиялық бағыттар бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар жүріп жатқанын айтып тұрмын", - деп мәлімдеді Қорғаныс министрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также