Министр алтын өндіретін кен орындары қай жақта болуы мүмкін екенін айтты

© foto.sarvoda.ru

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алтын өндіретін кен орындары қай жақта болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алтын өндіретін кен орындары қай жақта болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтын кен орындары Қостанай облысында Орталық және Шығыс Қазақстан аумақтарында, Қазақстанның Қырғызстанға жақын аумақтарында болуы мүмкін", - деді Мырзағалиев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, министр қорғасын-мырыш кен орындары қай өңірлерде болуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Қазақстанның оңтүстігі, орталығы және Кенді Алтайда қорғасын-мырыш кен орындарын табуға болады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның кен орындарында қазба байлық таусылып жатқаны хабарланған еді. 10-15 жылдан кейін кейбір қаза байлық тапшы болуы мүмкін екені айтылған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама