14 қараша 2022 | 14:01

Министр "АрселорМиттал Теміртау" мәселесі бойынша кезектен тыс кеңес өткізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына экология саласында нақты талаптар қойылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына экология саласында нақты талаптар қойылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылға экологиялық рұқсат алу үшін біздің министрлікке қажетті құжаттар жіберілді. Қазір біз құжаттарды қарап жатырмыз. Егер "АрселорМиттал Теміртау" біз қойған талаптар бойынша нақты ұсыныстарды ұсынбаса, рұқсат ала алмайды. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берді ол.

Министр басты мақсат - "АрселорМиттал Теміртаудың" зиянды шығарындыларын 2025 жылға дейін 20 пайызға азайту екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Осыған сәйкес бізге тапсыратын құжаттарында олар нақты іс-шараларды көрсетуі тиіс. Егер нақты шешімдерін ескермесе, экология саласындағы рұқсат құжаттарын бермейміз. Осы орайда ол алдағы сәрсенбіде Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесемін", - деді С.Брекешев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная