ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2023 | 12:33
Министр Астанадағы ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз. Біраз жайттар бар. Алдымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тексеру керек. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінен заң бұзушылық дерегіне қатысты шара күтіліп отыр. Кеше ғана біз бұл мәселені өз арамызда талқыладық. Алдағы уақытта осы мәселені онтайлы шешу үшін Ішкі істер министрлігіне және Денсаулық сақтау министрлігіне де хабарласамыз", - деді министр Үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Сүлейменова жақын арада министрлік жануарларды қорғау туралы заңды жүзеге асыру тұрғысынан жұмыс істейтін тетіктерді әзірлеу мақсатында жануарлар құқығын қорғаушылармен және басқа да азаматтық қоғамның өкілдерімен консультациялар бастайтынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также