28 желтоқсан 2021 | 15:05

Министр Атамқұлов баспана арзандайтынын мәлімдеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспана арзандайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспана арзандайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

ИИДМ басшысы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы қазіргі жағдайды сабын көбігімен салыстырды.

"Арзандайды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Министр ретінде осы мәселемен жұмыс істеймін. Жасанды интеллект кейбір компанияларда сатылған әрбір пәтерден кейін бағаны көтерген кезде сабын көпіршігіндей болуы - дұрыс тәсіл емес", - деді Атамқұлов.

Реклама
Реклама

Министр қазір монополияға қарсы комитетпен бірлесіп бағаларды реттеу үшін шаралар кешені қаралып жатқанын айтты.

"Мемлекеттік сараптама және зерттеу институттары арқылы шаршы метр қанша тұратынын жақсы білеміз. Кейінгі жылы әр шаршы метр бойынша түсінік бердік. Нарықтағы кейбіреулердің алыпсатарлық әрекеттері үлкен рөл атқарады. Тіпті кейде үстеме бағасы екі есе", - деп қосты ИИДМ басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная