26 желтоқсан 2023 | 12:04

Министр "Айканың тізімі" және жезөкшелікті заңдастыру туралы айтты

Фото: Әлеуметтік желіден

Әділет министрі Азамат Есқараевқа "Айканың тізімі" деп аталатын жеке деректер көрсетілген тізімді жариялағандар қандай жазаға тартылатыны және Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру мүмкін бе деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әділет министрі Азамат Есқараевқа "Айканың тізімі" деп аталатын жеке деректер көрсетілген тізімді жариялағандар қандай жазаға тартылатыны және Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру мүмкін бе деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Іс-әрекеттің заңдылығына келсек, менің ойымша, бұл Ішкі істер министрлігінің құзыреті мен жауапкершілігі саласы. Менің білуімше, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр, сондықтан менің ойымша бұл тексерудің нәтижесін күту керек.

Реклама
Реклама

Менің түсінуімше, егер Ішкі істер министрлігі тиісті тексеру жүргізсе, оларды бұл мәселе алаңдатады, бәлкім, талаптарды қатайту қажеттігін зерделеу керекминис (қазақстандықтардың жеке деректерін тарату бойынша – еск.)", - деді Есқараев үкіметте өткен брифингте.

Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыруға қатысты Есқараев бұл мәселе Әділет министрлігінде қарастырылып жатқан жоқ деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде "элиталық эскорт" қызметін ұсынғандар мен клиенттердің жеке деректері көрсетілгені айталған "Айканың тізімі" тараған болатын. Бұл ретте атышулы тізімнен Қазақстанға танымал адамдарды көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная