06 желтоқсан 2023 15:31

Министр Балаева резонанс тудырған петиция туралы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 150 мыңнан аса дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 150 мыңнан аса дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаева Facebook-парақшасында, Қазақстанда 2024 жылдың сәуірінде онлайн өтініштер беруге арналған арнайы платформа іске қосылатынын жазды.

Реклама
Реклама

"Қоғамдық бақылау туралы" заңға сәйкес бұл өтінішке сипатталған процедуралар шынымен де қолданылмайды. Дегенмен, кез келген дауыс мемлекет үшін өте маңызды, біз халықтың пікірін тыңдаймыз. Әсіресе, ол адам өмірі мен денсаулығына қатысты болса. Қазақстандықтардың осындай ауыр тақырыптағы ерік-жігерін елемеу мүмкін емес", - деп жазды мәдениет және ақпарат министрі.

Балаеваның айтуынша, 6 желтоқсанда үкімет деңгейінде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша талқылаулар өткен. Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары да талқыланғаны айтылды. Сонымен қатар, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия осы тақырып бойынша кешенді жоспар әзірлеп жатыр.

"Тағы да қайталайын: өтініш мемлекеттік органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында жұмыс істеген кезде ескерілетін болады. Біз осы петицияға бастамашы болған бірқатар сарапшылармен тұрақты байланыстамыз және олардың пікірлерін ескереміз", - деп жазды Балаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram