07 сәуір 2023 | 14:38

Министр балалар арасында қызылша ауруы тарап жатқанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мәжілісте журналистер денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан елде қызылша дертінің көбейіп жатқаны туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте журналистер денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан елде қызылша дертінің көбейіп жатқаны туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда балалар арасында қызылшаның шынымен де артып отырғанын растады.

"Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайды. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден (Түркия, Ресей Федерациясы) келгендер мен туристерден анықталды. Осылайша, балалар ауруды жұқтырып, ауыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған", - деді министр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министр эпидемия басталмағанын, мектептерде карантиннің енгізілуін күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

"Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелді. Әзірше, эпидемия басталған жоқ", - деді Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная