Министр Дүйсенова Астанада дүниеге келген төртемнің ата-анасын құттықтады

Төртемнің ата-анасы

Б?гін ?Р денсаулы? са?тау ж?не ?леуметтік даму министрі Тамара Д?йсенова 2 желто?санда Астана ?аласы №1 перинаталды? орталы?ында т?ртемді д?ниеге ?келген Салтанат Спанованы ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Денсаулы? са?тау ж?не ?леуметтік даму министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2 желтоқсанда Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртемді дүниеге әкелген Салтанат Спанованы құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр ана мен баланың денсаулығын қорғау - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ғана емес, мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып отырғанын атап айтты.

Реклама
Реклама

"Отбасында бірден төрт дүиеге келуі - үлкен бақыт. Мен Сіздерге және Сіздердің балапандарыңызға қуатты денсаулық пен амандық тілеймін", - деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметші Асхат Спановтың отбасында 2 желтоқсан күні екі ұл, екі қыз кесарев тілігі арқылы дүниеге келді. Ер балалардың салмағы 1490 және 1070, қыздардың салмағы - 1140 және 1070 грамм. Балалар мен олардың анасының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Олар медициналық қыметкерлердің бақылауында. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама