ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қазан 2017 15:42
Министр Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы пікіріне жауап берді
Е?бек ж?не халы?ты ?леуметтік ?ор?ау министрі Тамара Д?йсенова Атамбаевты? ?аза?станда?ы зейнета?ы жайлы айт?ан пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы айтқан пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұның алдында Қырғызстан президенті екі елдегі зейнетақы мөлшерін салыстырған болатын. "Біз әрдайым қандай да бір мәселе болса да бір-бірімізге көмектесіп келгенбіз", - деді министр Тамара Дүйсенова үкімет сағатының үзілісінде.
"Әлеуметтік төлемдер мен оның деңгейін салыстырсақ, бұл әрбір елдің жеке өз мәселесі. Бізде аз немесе көп деу - менің тарапымнан және өзге тараптан айту дұрыс емес. Зейнетақы мөлшерін айтсақ, бізде Қырғызстан азаматтарының алатын зейнетақысына қарағанда 2,6 есе көп. 1 қаңтардан тағы да өсіретінімізді білесіздер. 1 шілдеде базалық зейнетақы қайта қаралды, осыны ескерсек, келесі жылы бұл айырмашылық 3,5 есеге жетеді", - деді Тамара Дүйсенова.
Мұның алдында ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу