ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 13:29
Министр EGOV-та ақаулар неден шыққанын түсіндірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин EGOV-та жиі болатын ақаудың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин EGOV-та жиі болатын ақаудың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында депутат Павел Казанцев 2021 жылы тоғыз ай ішінде электрондық қызметті күтуге кеткен жалпы уақыт 482 сағат болғанын көрсететін статистиканы келтірді.
"Ішкі істер министрлігі, азаматтарды құжаттандыру - 75 сағат, Денсаулық сақтау министрлігі - 29 ақау, 48 сағат, Әділет министрлігі - 11 сағат және т.б. Бұл уақытта азаматтар ХҚКО-да кезекте тұрған. ХҚКО операторлары наразылыққа жауап берді, олар бұл жағдайға әсер ете алмаған. Құрметті салалық министрліктердің өкілдері, қомақты қаржы бөлініп жатыр. Бұл ақша жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз бе? Иә, олар көп, бірақ олар біздің азаматтарымыз екенін түсінесіз бе? Содан кейін наразылық білдірсе, таңғаламыз. Наразылық көрсетуі дұрыс, өйткені жеке жүйедегі жағдайлар туралы шағым ХҚКО-ға түседі, ал мәселе басқада. Әрбір мемлекеттік органға қажет ұсыныстарды жазу керек", - деді депутат Павел Казанцев.
Бағдат Мусин ақаулардың себебі бірден 400 ақпараттық жүйеге қызмет көрсетуден екенін, олардың әрқайсысы түрлі технология бойынша жұмыс істейтінін атап өтті.
"Кейде өзгеріс енгізу керек болса, жұмыс күндері түнде жаңартамыз. Жұмыс күндері жаңартылса, таңертең жасамауы мүмкін, барлық ХҚКО "қатып" қалады. Яғни ақау шыққасын, кезек те пайда болады. Іс жүзінде біз 400 ақпараттық жүйеге қызмет көрсетеміз, әрқайсысы түрлі технология бойынша жүзеге асырылады", - деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, барлық 400 ақпараттық жүйе түрлі министрліктерге тиесілі. Алайда Мусин жүйелі жұмыстың қайта құрылуы, 400 ақпараттық жүйені бірыңғай технологияларға ауыстыру көзделіп отырғанын мәлімдеді.
"Қазір әр басқармада ақпараттық жүйе бар, олар жалпы жүзеге асырылатын әрекетті автоматтандыруға бағытталған. Бірақ әлі де бірнеше кеңсеге немесе ХҚКО-ға келу қажет мемлекеттік қызметтер бар", - деп толықтырды Бағдат Мусин.
Еске салайық, 22 қазанда техникалық ақауға байланысты Қазақстанда мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істемеген болатын. gov.kz. сервисіне тиесілі мемлекеттік органдардың порталдарында мәселе туындаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также