Министр EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі ?алм?ханбет ?асымов EXPO-2017 аума?ында?ы т?тенше жа?дайды біреу ?аса?ана ?йымдастыр?ан болуы м?мкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс қозғадық. Сараптама жүргізіп жатырмыз. Қирау себебін анықтаған соң, процесстік шешім қабылдаймыз. Қазір біз техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтаймыз. Біреу-міреу қасақана кесіп тастаған шығар, сапасыз материал болып шығуы да мүмкін. Барлығын зерттейміз, содан кейін ғана шешім шығарамыз", - деді министрі Астанадағы парламент отырысының үзілісінде.

Айта кетейік, бүгін EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама