03 қаңтар 2022 | 18:19

Министр газ бағасына қатысты жағдай туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© primeminister.kz

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев шұғыл баспасөз мәслихатында сұйытылған газ бағасы неге көтерілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев шұғыл баспасөз мәслихатында сұйытылған газ бағасы неге көтерілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихаты Ақтау мен Жаңаөзендегі наразылықтарға байланысты ұйымдастырылды. Көлік иелері 1 қаңтардан кейін газ бағасының күрт өсуімен келіспеген болатын.

Министр Қазақстан ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін сұйытылған газдың жеткілікті ресурстарына ие екенін еске салып, газ бойынша нетто-экспорттаушы болғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттелді және тоннасына отыз сегіз (38) мың теңге (100 АҚШ долларынан төмен) деңгейінде белгіленді. Яғни экспорттық бағадан 5-6 есе төмен (шамамен 500 доллар). Бұл ретте Қазақ Газ Өндеу зауытында сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды. Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдеге ең төмен баға. 2020 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамту үшін бір де төрт (1,4) миллион тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді.
2021 жылы ішкі нарықтағы сұйытылған газды тұтыну
бір де алты (1,6) миллион тоннаға дейін өсті", - деді министр.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында газ өндірісі өсіп жатпағандығы, ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғатыны айтылған.

"Шикізатты өндіруді кеңейту үшін қандай да бір инвестициялық тартымдылық жоқ. Бұл тұтынудың тұрақты өсуі аясында тапшылыққа алып келді. Ол, әсіресе 2021 жылы күшейді. Себебі 2019 жылдан бері сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны биыл шамамен 2 есеге өсті. (2019 ж. - 139 990 бірлік, 2021 жылы - 313 373 бірлік)
Әлемдік тәжірибеде сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты. Бензин бағасының жетпіс (70) пайызын құрайды. Мысалы ретінде, АИ-92 маркалы бензиннің құны литріне жүз сексен екі (182) теңге болған кезде газдың нарықтық құны шамамен литріне жүз жиырма жеті (127) теңгені құрауы тиіс", - деп қосты министр.

2017 жылы Энергетика министрлігі Орта мерзімді перспективада газдың мүмкін болатын тапшылығын болжады. Бұған себеп ретінде газдың өте төмен бағасы, тұтынудың белсенді өсуі және өндірісті одан әрі дамыту мүмкіндігі болмауын келтіруге болады. Осыған байланысты сұйытылған газ нарығын біртіндеп либерализациялау туралы шешім қабылданған.

"2018 жылы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңына газды электрондық сауда алаңдары арқылы саудалауға 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен өтуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Үш жылдың ішінде (2019-2021жж.) бес пайыздық (5 пайыз) саудадан бастап электрондық сауда алаңдары арқылы өткізілетін сұйытылған газ көлемдері ұлғайды. Және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Заңға сәйкес газ саудасының тауарлық биржалар арқылы толық, яғни жүз пайызға өтті", - деді Мырзағалиев.

Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл "ҚазГөз" ЖШС - 14,5 мың тонна, "Атырау МӨЗ" ЖШС - 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Бұл ретте шамамен автокөліктердің 90 пайызы газды отын ретінде пайдаланады.

2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы:
• ҚазГӨЗ - тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге;
• АМӨЗ - тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге.

"Логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының АГТС-тері үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты.

Маңғыстау облысындағы ағымдағы бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды.
Сәйкесінше, АГТС маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50 пайызды құрады.
Бұл бізге АГТС арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді", - деді министр.

Министр бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автогаз толтыру станцияларының иелеріне қатысты бағалық сөз байласу мәніне тергеуді бастағанын айтты. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының автогаз толтыру станцияларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдаған. Ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және баға дәліздерін белгілеу жолымен газ бағасының алыпсатарлық секірулеріне жол бермеу жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная