15 ақпан 2022 | 10:10

Министр халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі факторларды айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі факторлар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі факторлар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырманы орындау аясында еңбек нарығына, өмір сүру деңгейі мен кедейшілік көрсеткіштеріне, халықтың кірістері мен шығыстарының құрылымына талдау жүргізілген.

"Талдау нәтижесі бойынша халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептер анықталды. Бұл мәселелерді жою мақсатында бағдарлама төрт бағыт бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға бағытталады:

Реклама
Реклама
  • еңбек қызметінен халықтың табысының артуы;
  • кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстың артуы;
  • жоғары өнімді жұмыс орындарын құру;
  • жұмыс күшінің біліктілігін арттыру", - деді министр Үкімет отырысында.

Қуантыров халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу аясында түрлі делдалдар мен монополист операторлардың комиссиялары мен тарифтерін төлеу бойынша халықтың қосымша шығыстарын қысқартуға шаралар әзірленіп жатқанын айтты.

Министр Үкімет кірме жолдарды ұсыну тарифтерін төмендету бойынша жедел шаралар қабылдағанын қосты.

"Кірме жолдардың негізгі балансұстаушысы саналатын "Көлікке қызмет көрсету орталығы" АҚ үшін тарифтер 92 пайызға төмендеді.

Сондай-ақ, Павлодар облысындағы кірме жолдарды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін Arman Kala Limited ЖШС-нің тарифтері 93 пайызға төмендетілді. Бұл шара "Богатырь көмір" ЖШС өндіретін көмірдің өзіндік құнына түсетін салмақты азайтады. Сонымен қатар, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап еліміздің бірқатар өңірінде кірме жол қызметін көрсететін 21 субъектіге тарифтер орташа есеппен 80 пайызға төмендетілді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл шара көмір құнына және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына кері әсерді жояды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная