12 қараша 2019 | 12:51

Министр: Халықтың нақты табысының өсуі - 6,4 пайыз

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 22019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 22019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР ҰЭМ мәліметтері бойынша, ЖІӨ өсімі қаңтар-қазан айларында 4,4 пайызға жеделдеді. Экономика өсімінің факторлары - инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныстың және ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесінің ұлғаюы, өнеркәсіптің кіші салаларындағы екі мәнді өсім, сонымен бірге, мұнай өндірудің қалпына келуі. Экономиканың салалары бойынша инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бұл орта мерзімді келешекте экономиканың тұрақты және сапалы өсу негізін құрайды. 

Реклама
Реклама

"Инвестициялар 8,2 пайызға өсті. Халықтың нақты табысының өсуі 6,4 пайызды құрады. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,5 пайызға дейін артты. Өнеркәсіп өндірісі орнықты өсу үрдісін сақтап отыр. Қаңтар-қазанда өсім 3,5 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға өсті", - деді Р. Дәленов.
Өсу негізгі өңдеу салаларында қол жеткізілген қарқынның сақталуымен қамтамасыз етілді. Олар - жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және сусындар өндірісі.

"Мұнай өндіруді қалпына келтіру есебінен кен өндіру өнеркәсібінде өсім 3,7 пайызға дейін артты. Түсті металдар кенін өндіруде 18 пайыз деңгейінде жоғары өсу қарқыны сақталды. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өсім 12,7 пайызды құрады. 9,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді", - деді ұлттық экономика министрі.
Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,9 пайызға ұлғайды. Көрсетілетін қызметтер саласында өсім 4,4 пайызды құрады. Сауда көлемі 7,5 пайызға, көлік - 5,6 пайызға және байланыс - 4,5 пайызға өсті.

Руслан Дәленовтың айтуынша, биылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 1,5 пайызға өсіп, 70,4 миллиард долларға дейін жетті. Экспорт көлемі - 42,7 миллиард доллар, ал импорт 27,6 миллиард долларды құрады. Негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердің көбінде өсудің оң серпіні байқалады.

"Құрылыс және негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша артта қалған өңірлер саны қысқарды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс бойынша 3,9 пайыз деңгейінде, Маңғыстау облысы инвестициялар бойынша 2,9 пайыз деңгейінде оң өсім көрсетті. Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары 4 көрсеткіш бойынша, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары 3 көрсеткіш бойынша жоғары өсім көрсетті", - деп түйіндеді Р. Дәленов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная